|
Корей түбегіндегі ықтималдылығы жоғары соғыстың басталуының 4 сценариі
|
Жапон билігі Корей түбегінде соғыстың болу ықтималдылығының жоғары екенін жоққа шығармайды. Бұл жайында күншығыс елінің Kyodo ақпарат көзі хабар таратты. Жапонияның ұлттық қауіпсіздік кеңесі Корей түбегіндегі ықтималдылығы жоғары соғыстың мынадай сцерани бойынша басталуы мүмкін екенін алға тартып отыр. Атап айтқанда, соғыс өрті Оңтүстік Корея әскерінің Солтүстік Кореяға бірінші болып шабуылдауынан немесе Солтүстік Кореяның Жапонияны зымыранмен атқылуынан я болмаса Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея қарулы күштерінің қақтығысуынан, ең соңғысы: америкалықтардың алғашқы болып соққы беруінен тұтануы мүмкін. Бұл жағдайда Жапония қамсыз қалмай ұжымдық қауіпсіздік тетігін қолданып, АҚШ-а арқа сүйеуі тиіс. Жапондық әскери сарапшылар Корей түбегінде ықтималдылығы жоғары соғыстың басталуының сценарилерін түзгенде нендей факторларға сүйенді? Бұл турасында аталмыш дерек көзінде айтылмаған. Әсіресе, Оңтүстік Кореяның бірінші болып соқытығысуы ақылға сыймайды.