Көп қабатты үйдің шатырында мал асырап отыр (ВИДЕО)
Көп қабатты үйдің шатырында мал асырап отыр (ВИДЕО)
10 жыл бұрын 5214

Бангладеш – әлемдегі халқы ең тығыз орналасқан елдердің бірі және оның тұрғындары үшін тұрғын үйдің әрбір шаршы метрі мен ауыл шаруашылығына жарамды жердің әр сүйемі өте қымбат. Жердің тарлығы осынау мұсылман елін түрлі айлаға баруына итермелеп отыр. Мәселен, құрбандыққа мал сою үшін көп қабатты үйдің шатырына мал асырайтындары бар. Азадүр-Рахман есімді мұсылман бауырымен бірге Бангладеш астанасы – Дакка қаласындағы көп қабатты үйдің шатырында сиыр асырап отыр. Бұл жайында IslamNews ақпарат көзі хабар таратты. Көп қабатты тұрғын үйдің шатырында қора тұрғызған. Рахманның айтуынша, жаздың аптап ыстығынан сиырды қорғау үшін желдеткішті қосады екен. Зеңгі баба тұқымына су мен жемді бауыры екеуі кезектесіп жеткізеді. Баспалдақпен. Оның сүтін жергілікті тұрғындарға сатады, ал Құрбан айтта сатып алғысы келетіндер ағайындыларды іздеп келетін көрінеді.

 

1 пікір
Мұрағат