Көп әйелі барларға жеңілдік жасалуда
Көп әйелі барларға жеңілдік жасалуда
7 жыл бұрын 3761 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дағыстан астанасы - Махачкала қаласындағы аса ірі «Эхнатон» супермаркеті ерекше акция өткізіп жатыр. Көп әйел алған ер-азаматтар мен олардың әйелдеріне әлеуметтік көмек көрсетуде, дәлірегі, азық-түлікті жеңілдіктермен алуына болады. Бір ғана шарты: барлық әйелімен бір мезгілде келіп, сауда жасауы тиіс. Аталған сауда орнының кіреберісінде заңды түрде некелескен бір әйелімен келгендерге 10 пайыз жеңілдік, ал екі әйелімен келгендерге 50 пайыз жеңілдік қарастырылғаны, сондай-ақ, үш әйелімен келгендер үшін азық-түлік тегін берілетіні жазылған тақтай тұр. Егер сатып алушы төрт әйелін ертіп келсе, дүкен қожайыны өз қолымен олардың әрқайсысына азық-түлік сықай толтырылған жәшікті ұстататыны да жазылған. Тағы бір айта кететін жайт, аталған сауда орнынан мұқтаж жандар бір бөлке нан мен өзге де аса қажетті азық-түлік түрлерін тегін ала алады. Мұқтаждар мен көп әйелі барларға азық-түлік кімнің есебінен беріледі дейсіз ғой. Қайырымдылық жасағандар есебінен. 

0 пікір
Мұрағат