Көп әйел алудағы өте қызық жағдай белгілі болды (ВИДЕО)
|
Мұсылман елдерінде көп әйел алу таңсық емес. Қоғамда кеңінен тарамаса да көп әйел алу мұсылман елдерінде ерсі көрінбейді. Алайда, Сауд Арабиясының Мұса әл-Фифидің басындағы жағдай мүлдем өзгеше: оның төрт әйелі бар, ең қызығы, төртеуі де бір жерде жұмыс істейді – бір әйелі мектеп директоры, тағы бір әйелі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, енді біреуі мұғалім, төртіншісі – оқушы. Тарқатып айтқанда, 50 жастағы Мұсаның басындағы жағдай «әл-Ихбария» телеарнасының шоу бағдарламасына мейман болған кезінде белгілі болды, қоғамның назарын бірден өзіне аударған болатын. Біздің кейіпкер алғаш рет жоғары сыныпта білім алып жүргенде үйленген болатын. Екіншісімен университеттің төртінші курсында некелесті. Ал үшіншісімен магистратурада жүргенде шаңырақ көтерген. Төртіншісін жұмыс істеп жүргенінде алған. Мұса әйелдерінің тілін табатынын және оларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етіп келе жатқанын жеткізді.
Негізі бір жерде жұмыс істеу жақсы құрбылар үшін де қиын (бәсекелестік жағынан), ал 4 әйелін бір жерде жұмыс істеткізген мына кісі жарап тұр))).