Компьютерлік ойындар оқушылардың сабақ үлгерімін төмендетеді
Компьютерлік ойындар оқушылардың сабақ үлгерімін төмендетеді
10 жыл бұрын 5830

Компьютерлік ойындар оқушылардың сабақ үлгірімін едәуір төмендетеді. Барселонадағы Автономды университет ғалымдары жүргізген зерттеулерден соң осындай қорытындыға келген. Бұл жайында nur.kz сайты 24 kz телеарнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Сондай-ақ қалта телефондарының да балаларға келтіретін пайдасы шамалы екендігі анықталды.

Бұл ғылыми зерттеуге 5,5 мыңға жуық шәкірт қатысқан. Зерттеу қорытындысына сәйкес, тәулігіне кемінде 1 сағаттан астам уақыт бойы компьютерлік ойын ойнаған оқушылардың есте сақтау қабілеті нашарлаған.

Ғаламторға жиі кіріп, онда тұрақты отыратын жасөспірімдердің оқуға деген ынтасы төмендеп, физикалық белсенділігі кеміген.

Ал ата-ана назарынан тыс қалып, ғаламторға шектен тыс үйір болып кеткен балалар арасында ішімдік ішу мен тіпті есірткілік заттар пайдалану жағдайлары да кездесіп отыр.

0 пікір
Мұрағат