Көмірді тұтыну көрсеткіші 2027 жылға дейін рекордтық деңгейден түспейді
Көмірді тұтыну көрсеткіші 2027 жылға дейін рекордтық деңгейден түспейді
6 сағат бұрын 95 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық энергетикалық агенттіктің есебіне сәйкес осы жылы рекордтық көрсеткішке жеткен көмірге деген әлемдік сұраныс 2027 жылға дейін өзгеріссіз қалады. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық пандемия кезінде күрт төмендеген көмірді тұтыну деңгейі қайта өсіп келеді. Биыл көмірді әлемдік тұтыну деңгейі рекордтық көрсеткішке жетіп, 8,77 млрд тоннаға артады. Қазіргі уақытта көмір бағасы 2017-2019 жылдар аралығындағы орташа көрсеткіштен 50 пайызға жоғары болғанымен, биыл көмірдің әлемдік өндірісі бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетеді. ХЭА дерегінше, биыл көмірдің халықаралық сауда көлемі рекордтық көрсеткішке жетіп, 1,55 млрд. тоннаға артады. Бүгінде қоршаған ортаға залалы аз жаңғыртпалы энергия көздеріне басымдық беріліп келеді. Соған қарамастан көмірге деген жаһандық сұраныс төмендемейді.

0 пікір
Мұрағат