Көмірден түбегейлі бас тартады
Көмірден түбегейлі бас тартады
6 жыл бұрын 2224 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германия 2038 жылы көмірді пайдаланудан толық бас тартуды жоспарлап отыр. Германия федералды республикасы үкіметі жанынан құрылған комиссия көмір өндіру мәселесіне қатысты арнайы шешім қабылдап, көмірден энергия көзі ретінде пайдаланудан біртіндеп бас тарту мақсатында аса қомақты қаржы бөлді – 40 млрд еуро. Көмірден бас тартуы үшін аймақтар 20 жыл бойы 1,3 млрд еуро мөлшерінде демеуқаржы алып отырады. 2017 жылы Германия аумағында пайдаланылатын барлық отын түрлерінің 40 пайызы көмірдің еншісінде болып келген еді. Бұдан бөлек, Германия аумағындағы атмосфераны ең көп ластайтын негізгі көз – осы көмір болатын. Естеріңізге сала кетсек, бір ай шамасы бұрын хабарлағанымыздай, Германиядағы соңғы Рур көмір бассейні жабылғаны турасында хабар таратқан еді. Қазіргі уақытта аталмыш ел көмірді сырттан импорттап отыр.

0 пікір
Мұрағат