Көлік жүргізуден бас тартқан қарттарға қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Көлік жүргізуден бас тартқан қарттарға қандай жеңілдіктер қарастырылған?
8 жыл бұрын 3254 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапонияның жерлеу бюросы жергілікті биліктермен келісіп, өз еркімен көлік жүргізуден бас тартқан қарттарға қайтыс болғанда жерлеу рәсіміне және жерлеумен байланысты өзге де шығындарына жеңілдік қарастыратынын жеткізді. Нақтырақ айтқанда,  Аичи провинцияндағы Ичиномия қаласында орналасқан Heiankaku жерлеу агенттігі өкілінің айтуынша, көлік жүргізуден бас тартқан қарттарға ұсынылатын жеңілдік мөлшері 56000 иенге (500 доллар) жуық қаражатты құрайды. Бұл жеңілдік қарттың өзіне ғана емес, сонымен қатар, қайтыс болған жағдайда оның туған туыстарына да берілетінін де айта кету керек. Бұл шара не үшін қолға алынып отыр? Аталған елде жасы келген қарттар көлік апатын жиі жасайды. Тағы бір айта кететіні, тек жерлеу бюросы ғана емес, сонымен қатар, оларға жергілікті дәмханаларда кеспені де өз бағасынан түсіріп береді. Өз еркімен көлік жүргізуден бас тартса. Тіпті, кей аудандарда зейнеткерлер қоғамдық моншаға түскісі келсе де, қоғамдық көлікпен жүргісі келсе де жеңілдік қарастырылған. Сөз орайы келгенде айта кетейік, өткен жылы күншығыс елінде қоғамды дүр сілкіндірген оқыс оқиға орын алған болатын: 87 жастағы көлік тізгінін ұстаған қарттың кесірінен Иокогама елді-мекеніндегі мектепке барар жолда бір топ бала көлік астына түсті. Олардың біреуі, дәлірегі, 11 жастағы ұл бала көктей солды және 11 бала жарақат алды. Статистикалық мәлімкетке қарағанда, Жапонияда жасы 75-тен асқандар арасындағы көлік жүргізу правосына 4,8 млн адам ие екен. Жыл сайын аталған мемлекетте миллиондаған егде жастағы адамдар көлік жүргізу курсынан өтеді. Бұл жайында Japan Times ақпарат көзі хабар таратты. Жасы 75-тен асқан қарттар арнайы Koreisha жапсырмасын («Қарт жүргізуші») көлігінің алдыңғы жағына да, артқы жағына да жапсырып алуға міндетті.

0 пікір
Мұрағат