|
Көбелектер бағы ашылады
|
Анталия курортты провинциясының муниципалитеті елде тұңғыш рет көбелектер бағының ашылатынын жариялады. Бұл жоба 3 млн долларға бағаланып отыр. Сондай-ақ, оны ботаникалық баққа әрі бір мезгілде жұрттың демалатын орнына айналдыру жоспарланып отыр. «Осынау өзгеше жобаға балалармен қатар ересектер де қызығушылық танытып отыр. Өзге де көңіл көтеру ойын-сауықтарынан бөлек жабық аумақтан қанатты жәндіктердің түр-түрін тамашалай алады», - деді келешек бақтың директоры Барыш Дурсун. Оның сөзіне қарағанда, аталмыш бақта әлемнің 25 елінен алдырылатын 50-ге жуық көбелек түрі болады. Алдын ала алынған мәліметке қарағанда, бақтың құрылысы қасиетті Рамазан айының соңында аяқталады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...