Климат салығы енгізіледі
Климат салығы енгізіледі
3 жыл бұрын 2113 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Австрия билігі төніп келе жатқан климат қатеріне қарсы халықты сабырға шақыратын жоспар сызып жатыр. Табиғатты экологиялық апаттан қорғауға қатысты шешуші қадамдардың қажеттілігі мен халықтың уайымы жаңа салық түрін енгізу тәжірибесіне ұласуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австриядағы орташа температура соңғы 100 жылда Цельсия бойынша екі градусқа көтерілген. Психотерапевт мамандардың айтуынша, тұрғындардың дені жаһандық жылынуға байланысты қауіп-қатерден үрейге бой алдыра бастаған. Қоғамдағы күшейіп келе жатқан наразылықтан болуы ықтимал толқудың алдын алу үшін аталған ел билігі экологиялық салық реформасын жүргізуге бел байлап отыр. «Климатқа қатысты уайым – болашақ алдындағы үрей. Адамдар экология өзгерісіне қатысты жеке жауапкершіліктен бөлек жаһандық жылынуға қарсы күреске бағытталатын саяси қадамның жасалғанын қалайды»,- деп түсіндірді Паоло Райле есімді психотерапевт. Осылай деген ол климат өзгерісі мен жаһандық жылынуға байланысты денсаулығы сыр беріп қоймай, сонымен қатар, психикалық зардап шеккендер қарасының артып келе жатқанын әрі оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді. Әлемнің көптеген елдері атмосфераға бөлінетін ластаушы заттар үшін салық енгізуді көздеп отыр. Мұндай маңызды шарадан Австрия билігі де тыс қалмайды. Осы мақсатта CO2-ның атмосфераға бөлінетін әр тоннасы үшін кәсіпорындар мен тұрғын үйлерге салық салуды ұйғарып отыр. Австрия 2040 жылға дейін климаттық бейтарап елге айналуды көздейді. Яғни, атмосфераға бөлінетін зиянды ластаушы заттарды нөлдік деңгейге түсіруді қалайды. Ал өзі мүше Еуропалық одақ елдерінің көбісі, жалпы ЕО бұл межені 2050 жылға белгілеп отыр. Greenpeace дерек көзінің мәліметі бойынша аталған салықтың көп мөлшері, яғни, экологиялық салық реформасының салмағы дәулетті австриялықтарға түседі, өйткені, олар жылына парникті газды екі есе көп бөледі орта статистикалық тұрғындарға қарағанда. Маусым айының соңында Еуропарламент қабылдаған бұл тараптағы заңнамаға сәйкес ЕО құрамындағы елдер 2030 жылға дейін атмосфераға бөлінетін ластаушы заттар мөлшерін 1990 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 55 пайызға дейін кемітуі тиіс. Ал 2050 ылы толық «жасыл» елге айналуды алдына мақсат етіп қойды.

0 пікір
Мұрағат