Климат өзгерісінің зардабын азайтуға көмектесетін орасан зор тұшшы су қоры табылды
Климат өзгерісінің зардабын азайтуға көмектесетін орасан зор тұшшы су қоры табылды
5 жыл бұрын 2494 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаңа Зеландияның оңтүстік аралының жағалауы тұсындағы теңіз тұңғиығынан тұшшы судың сирек кездесетін мол қоры табылды. Бұл тұшшы су қоры өз кезегінде құрғақшылықтың бетін қайтаруға әрі жаһандық жылыну салдарынан орын алған климат өзгерісінің зардабын жақын келешекте азайтуға мүмкіндік бермек.  Тұшшы су ресурсының мол қоры, яғни, теңіздегі тұшшы жерасты суы теңіздегі су көкжиегінің үш өлшемді картасын сызуға көмектесетін электромагниттік толқынды сканерлеу әрі сейсмология әдістері комбинациясының көмегімен табылды. Бұл табиғи су резервуарындағы су қорының нақты мөлшері әлі есептелмесе де ғалымдар осынау жүйеде 2000 текше шақырымға дейін су қоры барын болжап отыр. Мұндағы судың едәуір бөлігі соңғы үш мұзды дәуірде жиналғанын алға тартып отыр. Қазіргі уақытта жергілікті билік қоршаған ортаға зиянын тигізбей немесе су көкжиегіне тәуелді экожүйеге залал келтірмей тұшшы суды алудың жолдарын ойластырып жатыр. Бұл бағыттағы зерттеу материалы Nature Communications мерзімді басылымында жарияланды.

0 пікір
Мұрағат