Климат өзгерісінен келетін шығын есептелді
Климат өзгерісінен келетін шығын есептелді
8 ай бұрын 893 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Потсдам институтының ғалымдары климат өзгерісінен әлемдік экономика 2049 жылға қарай жылына 38 трлн доллар шығын көретінін есептеп шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыған байланысты жаһандық экономика 19%-ға қысқаруы мүмкін екені атап өтілді. Климат өзгерісінен келетін шығын мөлшері жаһандық жылынудың өсу қарқынын тежеуге жұмсалған шығыннан алты есе көп екені баса айтылды. Негізгі қауіп алапат орман өрті мен дүлей дауыл сияқты жиі болатын табиғи апаттардан туындайды. Климат өзгерісі экономикалық дағдарысқа ең алдымен Африка құрлығы мен Азияның оңтүстігін жайлаған елдерде ұласатыны айтылған. Осы орайда өткен жылы (2023 ж.) әлемдік экономиканың климат өзгерісінен тартқан шығыны 380 млрд доолларға жеткенін айта кетпекпіз. 

0 пікір
Мұрағат