Климат өзгерісінен аграрлық өсімдіктердің түсімділігі 21%-ға кемиді
Климат өзгерісінен аграрлық өсімдіктердің түсімділігі 21%-ға кемиді
4 жыл бұрын 2957 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар жаһандық жылыну салдарынан орын алған климат өзгерісінң ауыл шаруашылығына қаншалықты әсерін тигізетінін білуге мүмкіндік беретін оның компьютерлік моделін жасады. Сарапшылардың есебінше, астық түсімі орташа есеппен 21%-ға кемиді. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жайт өз кезегінде онсыз да адамзат қарасының көбеюіне әрі қоршаған ортаның дегредацияға ұшырауына байланысты сын көтермейтін  азық-түлік қауіпсіздігіне сына қағатын болады. Мэриленд университетінің ғалымдары әлемге әйгілі Стэнфорд жоғарғы оқу орнындағы әріптестерімен бірігіп, соңғы жылдары қарқын алған климат өзгерісінің ауыл шаруашылығына тигізер антропогендік әсерін зерделеп көрген екен. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесінен 1961 жылдан осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығының өнімділігі орташа есеппен 21%-ға кеміп кеткен. Бұл көрсеткіштің көп бөлігі соңғы 7 жылға тиесілі болып шыққанын да айта кету керек. Соның ішінде тропикалық белдеудегі Африкадағы, Латын америкасындағы және Кариб бассейні аймағындағы елдердің ауыл шаруашылығы климат өзгерісінен қатты зардап шегіп отыр. Дәлірегі, аталған аймақтардағы астық түсімі 26-34%-ға кеміген. Ал климат өзгерісінен ауыл шаруашылығы ең аз зардап шегіп отырған ел – АҚШ (шамамен астық түсімі 5-15%-ға ғана азайған).

Ұқсас материалдар:

«Климат өзгерісі мен азық-түлікке сұраныс биологиялық түрлердің тіршілік ету ортасын 80 жылдың ішінде 23%-ға тарылтады» (https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-men-azyq-tulikke-suranys-biologiyalyq-turlerdin-tirshilik-etu-ortasyn-80-jyldyn-ishinde-23-ga-taryltady-14378/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктірдің аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktirdin-aptap-ystyqqa-totep-beruine-komektesetin-bakteriya-tabyldy-15017/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);

«Күріш революциясы» (https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат