Климат өзгерісіне байланысты өз-өзіне қол жұмсаушылар қарасы артып келеді
Климат өзгерісіне байланысты өз-өзіне қол жұмсаушылар қарасы артып келеді
3 жыл бұрын 1169 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Климат өзгерісіне байланысты жердегі ылғалдылық деңгейінің артуынан өз-өзіне қол жұмсаушылар саны көбеййіп келеді. Бұл – ықтимал жайт. Алайда, Ұлыбританиядағы Сассек университетінің ғалымдары бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізіп, осындай қорытындыға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Portfolio мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауа ылғалдылығының деңгейі жоғарылаған сайын бұл жайт өз кезегінде әйелдер мен жастарға әсерін көбірек тигізетін болып шықты. Аталған зерттеуге атсалысқан Сони Айеб-Карлссон есімді дәрігердің The Guardian ақпарат көзіне берген сұхбатында ауадағы ылғалдың деңгейі жоғары болған сайын организмнің температураны реттеу қабілеті төмендейді. Оның айтуынша, адам ыстықтан ұйықтай алмайды, ал ыстықтан ұйықтай алмай мазасы қашқан адамға қарағанда ылғалдан ұйықтай алмаған адамның жай-күйі тіпті қиын. Яғни, ыстықтан гөрі ылғалдан ұйқысыздықтан зардап шекпек. Бұл тараптағы ғылыми мақалада әлемнің 60 еліндегі 1979-2016 жылдар аралығындағы деректер қамтылған. Бұл бағыттағы зерттеуде Таиланд, Гайана секілді ыстық аймақтармен қатар, ыстық пен ылғал деңгейі біршама төмен еуропалық елдер, атап айтқанда, Швеция, Белгия және Люксембург елдері қамтылған. Сарапшылардың есебінше, жыл сайын әлем бойынша 700 мыңнан аса адам өз-өзіне қол жұмсайды.

0 пікір
Мұрағат