Кибер қатер: интернет кеңістігін пайдаланушының әр үшіншісінің деректері қолды болған
Кибер қатер: интернет кеңістігін пайдаланушының әр үшіншісінің деректері қолды болған
2 жыл бұрын 1260 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтік желі қолданушыларының шамамен 33 пайызының жеке мәліметтері қолды болған. Бұл жайында islam.kz порталы Thales талдау орталығының сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш компания есебіне сәйкес жеке деректері ұрланған интернет пайдаланушылардың 82 пайызы құпия мәліметтері жоғалғаннан кейін түррлі қиындықтарға тап болған – әлеуметтік желідегі парақшасына кіре алмаудан бастап, бопсалауға ұшыраған әрі алаяқтарға қаржысын қолды қылған, қызмет көрсету саласында төлемдерін жүзеге асыра алмаған, т.б. Бұл тараптағы сауалнамаға қатысқандардың 54 пайызы өз деректерін сеніп тапсырған компаниялар мен қызмет көрсету саласы шифрлау немесе екі факторлы аутентификация сияқты міндетті қауіпсіздік шараларын қолдануды талап еткен. Респонденттердің шамамен бестен бір бөлігі деректерді жоғалтқан немесе байқаусызда үшінші тұлғаларға берген компаниялардың қызметтерін пайдалануды тоқтатқанын жеткізді. Сондай-ақ, сарапшылар интернет пайдаланушылардың қай салаларда өз деректерін сеніп тапсыруға дайын екенін анықтады. Респонденттердің 42 пайызы қаржы институттарында, 37 пайызы медициналық кәсіпорындарда деректердің қорғалуына көңілі толатынын білдірген. Салыстыру үшін алсақ, интернет қолданушылардың тек 12 пайызы өз деректерін әлеуметтік медиа және ойын-сауық қызметтеріне алаңсыз сеніп тапсыратынын жеткізген. Қазан айының соңында TechRadar тілшілері интернет қолданушылардың басым көпшілігінің бір құпия сөзді бірнеше аккаунтқа қолданатынын анықтады. Интернет пайдаланушылардың 33 пайызы ғана бірнеше құпия сөзді қолданатынын жеткізген.

0 пікір
Мұрағат