KFC және Pizza Hut бойкотқа байланысты Түркиядағы мейрамханаларын жабады
KFC және Pizza Hut бойкотқа байланысты Түркиядағы мейрамханаларын жабады
2 сағат бұрын 53 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

KFC және Pizza Hut Израилдің Таяу Шығыстағы басқыншылық саясатын қолдайтын жаһандық брендтерге бойкот жариялануына байланысты Түркиядағы филиалдарын жабады. Бұл туралы  islam.kz порталы өз кезегінде түріктердің  TRT орыс тіліндегі қызметінің жеделхат арнасына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израилге қолдау білдірген компаниялардың тауарлары мен қызметтеріне мұсылман елдерінде сұраныс күрт азайып кеткендіктен олардың бөлімшелері жаппай жабылып жатыр. Бұл үрдістен Түркия да шет қалмады. Мәселен, KFC және Pizza Hut жедел тағам дайындауға бағдарланған компаниялардың Түркия аумағындағы филиалдарының көбісі, дәлірегі, 537 бөлімшесі жабылып тынған. Түрік тұтынушылар тарапынан жарияланған байкотқа байланысты. Аталған компаниялардың мәлімдемесінде түрік мейрамханаларындағы сауда деңгейі брендтердің әрқайсысы бойынша орташа әлемдік деңгейден едәуір төмен түіс кеткені айтылған. Бұл ретте 2020-2023 жылдар аралығында Түркия нарығында олардың өсімі шамамен 300%- ды құраған еді.

0 пікір
Мұрағат