«Керік» адамға ота жасалатын болды
«Керік» адамға ота жасалатын болды
10 жыл бұрын 5053

Фу Венгуй есімді 15 жастағы Қытай тұрғыны туабітті сколиаз дертімен сырқаттанады. Және оның ең ауыр түрімен. Өзгелерге қарағанда жасөспірімнің үш мойын омыртқасы артық. Сирек кездесетін осынау дерттен жасөспірім жүріп-тұра алмайды. Қимылдаса, сырқаты жанына батады. Бұл дертінен айығатын күн де алыс емес. Әкесі осынау дерттен ұлының тек тәні ғана емес, жаны да жараланғанын тілге тиек етті. Көшеге шықса да елдің зәре-құтын ұшырып, баласын ыңғайсыз жағдайға қалдырады екен. Ал мектеп қабырғасында сыныптастары оны мазаққа айналдырып бітетін көрінеді. Дәрігепрлердің айтуынша, дені сау адамның мойын омыртқасы жетеу болады. Ал Фу Венгуйдың мойын омыртқасы – он. «Керік адам» атанған бозбала артық мойын омыртқасы жұлын-жүйкесіне салмақ түсіретіндіктен жүріп-тұруға қиналады. Бейжіңдегі қайырымдылық ұйымдарының бірі күрделі отаның қаржысын көтеріп алуға уәде беріп отыр. Отадан оңалып кете ме, жоқ па, оны алдағы уақытта білетін боламыз.

 

0 пікір
Мұрағат