Кенгуруды атуға ресми рұқсат берілді
Кенгуруды атуға ресми рұқсат берілді
5 жыл бұрын 2500 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австралияның елтаңбасында бейнеленген кенгурудің қандай жануар екенін көру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен ағылатын туристердің қарасында қисап жоқ. Алайда, кенгурулардың да қарасы қисапсыз көбейген. Welt ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, аталған құрлықта кенгурудың саны 45 млн жеткен. Яғни, Австралия халқының санынан екі есе көп. Ішінара алғанда, аталмыш елдің оңтүстік-шығысында орын тепкен Виктория штатында кенгуруды атуға ресми рұқсат етілді. Өйткені, жергілікті фермерлер кенгурудан көресіні көріп отыр - егістік алқаптарын ойрандап кетеді. Бұдан бөлек, кенгурулар Австралияның фаунасына қауіп төндіріп тұр – өзге жануарларды қоректен, судан, т.б. шеттетіп, қоршаған ортаға зиян шектіруде. Виктория штатының ауыл шаруашылық министрлігі өлтірілген кенгурудың еті үй жануарларына арналған азыққа айналдырылатынын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат