Келісім бермеген серігін төсек қатынасына тарту зорлаумен теңестірілді
Келісім бермеген серігін төсек қатынасына тарту зорлаумен теңестірілді
4 жыл бұрын 2038 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Данияда келісім бермеген серігін төсек қатынасы тартуды зорлаумен теңестірілді. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дания парламенті қабылдаған заңда қарастырылған талаптарға сәйкес серігі ауызша немесе ым-ишарамен келісімін бергенде ғана оны төсек қатынасына тартуға рұқсат етілген. Егер екі тараптың біреуі қысым көрсетіп (мәселен, өзінің лауазымын пайдаланып) немесе күштеп, бопсалап немесе өзге де жолдармен қорқытып-үркіту арқылы төсек қатынасына тартуға тыйым салынған. Аталмыш заң 2021 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап қолданысқа енеді. Дания билігінің келтірген дерегіне қарағанда, жыл сайын орташа есеппен алғанда ел аумағында 11,4 мың әйел зорланады. Осылайша Дания келісімінсіз төсек қатынасына заң жүзінде тыйым салған 12-ші ел болды. 2020 жылдың наурыз айында Испанияда да осындай заң қабылданған. Испанияда аталған заң талаптарын ескермегендер кемі 10 жыл әйтпесе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Мұндай заң аталған елдерден бөлек Швецияда да, Ұлыбританияда да, Германияда да қабылданған.

0 пікір
Мұрағат