Келесі айдан бастап Германияда мұсылмандарды жерлеуге рұқсат берілмейді
Келесі айдан бастап Германияда мұсылмандарды жерлеуге рұқсат берілмейді
2 жыл бұрын 1346 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Германиядағы мұсылмандар қарасы жыл өткен сайын өсіп келеді. Осыған байланысты бақилық болған мұсылмандарды жерлейтін орын тапшылығы шарықтау шегіне жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде түріктердің Daily Sabah дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрын Германияға гастрабайтер ретінде келген мұылмандардың аға буыны туып-өскен жерінде, дәлірегі, отанында жерленгенді жөн көретін. Алайда, олардың балалары осында – неміс жерінде дүниеге келгендіктен Германияда ақтық сапарға аттанғанды қалайды. Берлиннің ислам федерациясының жетекшісі Мұрат Гүл таяуда Шпандау округының қоршаған ортаны қорғау, жоспарлау және қайта құрылымдау басқармасынан хат алды. Онда мұсылмандарға арналған зиратта бос орын қалмағандықтан наурыз айының аяғынан бастап, жерлеуге рұқсат берілмейтіні айтылған. «Берлинде 300 мыңнан астам мұсылман тұрады. Алдағы жылдары бұл сан артпаса, кемімейді. Алғашқы лектің балалары мен немерелері осында жерленгісі келеді. Бұл - адамның құқығы, ал мемлекеттің міндеті - діни дәстүр бойынша жерлеуді қамтамасыз ету. Біз нақты шешімді қалаймыз», деп жауап қатты Мұрат Гүл.

0 пікір
Мұрағат