Келер жылы әлемдік жалпы ішкі өнім төмендейді
Келер жылы әлемдік жалпы ішкі өнім төмендейді
2 жыл бұрын 1369 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 2023 жылға арналған жаһандық жалпы ішкі өнім өсімінің болжамды деңгейін 1,7 пайыздан 1,4 пайызға дейін төмендетті. Бұл дерек Fitch баспасөз мағлұмдамасында келтірілген. Бұл жайында islam.kz порталы aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Орталық банктер инфляциямен күресті күшейтіп, Қытайдың жылжымайтын мүлік нарығына қатысты болжам нашарлағандықтан, 2023 жылға арналған жаһандық ЖІӨ өсімінің болжам деңгейі төмендетілді», - делінген хабарламада. Аталмыш агенттік, сонымен қатар, келесі жылы АҚШ-тың ЖІӨ өсімі 0,5 пайыздан 0,2 пайызға дейін төмендетілгенін атап өтті. Fitch өкілдері, бұдан бөлек,  еуроаймақтағы ЖІӨ өсімінің бұрынғы болжам бойынша 0,1 пайызға емес, 0,2 пайызға құлдырайтынын алға тартып отыр. Fitch сарапшылары ұлттық қаржы саласын реттеуші органдардың негізгі мөлшерлемелерді көтеруі АҚШ пен Еуроаймақ экономикаларының өсуін тежейтін шешуші фактор деп санайды. Fitch болжамына сәйкес Қытай экономикасының қалпына келуіне COVID-19 жұқпалы індетіне байланысты шектеу шаралары және жылжымайтын мүлік саласындағы ұзаққа созылған құлдырау тежеп отыр. Қытай экономикасының өсімі биыл 2,8 пайызға дейін баяулауы мүмкін, десе де аталған ел экономикасы 2023 жылы бұрын болжанған 4,5 пайыз деңгейінде емес, 4,1 пайызға дейін қалпына келеді.

0 пікір
Мұрағат