Кедейлікті жеңудің басты факторы аталды
Кедейлікті жеңудің басты факторы аталды
4 жыл бұрын 3449 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз білетіндей әрі бұрын да талай рет жазғанымыздай, Қытай билігі қуатты мемлекетке айналу үшін елдегі кедейлікпен күресуге мықтап кіріскен болатын. Бұл тарапта мақсаты мен міндеттері айқын реформалар пакетін қабылдап, түрлі шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр. Қытай халық республикасының мемлекеттік кеңесінің баспасөз кеңсесі жариялаған Ақ кітапта кедейлікпен күресте жеңіске бастайтын басты фактор ретінде энергетика саласын атапты. Ергілікті экономиканың өн бойына қан жүгіртіп қоймай, даму даңғылына түсіретіні айтылған. Бұл жайында islam.kz порталы 新華社 (Синьхуа) ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ақ кітапта бірқатар нақты фактілер келтірілген. Осымен алтыншы жыл қатарынан 10 млн адамды кедейлік қамытынан шығарып келе жатқан Қытайда 2017 жылы ел аумағындағы барлық ауылдық жерлердің электр желісімен толық қамтылғаны атап өтілген екен. Соның ішінде электр энергиясы алғаш рет 78 мың ауылға тартылғаны (160 млн адам қамтылған) да айтылған екен. Осылайша Ақ кітапта Қытайдың энергетикалық саясатының негізгі кезеңдері мен жетістіктері тізбектелген.

Ұқсас жаңалықтар: «Кедейлікпен күрес тәсілдерінің бірі өз жемісін бере бастады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/kedeilikpen-kures-tasilderinin-biri-oz-jemisin-bere-bastady-14495/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат