Kедейлерге “тегін азық-түлік картасын” таратады
Kедейлерге “тегін азық-түлік картасын” таратады
8 жыл бұрын 2982 naryk.kz

Ресей үкіметі әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға азық-түлік картасы бағдарламасын енгізгелі жатыр. 

Аталған картаның көмегімен халық ет, балық, көкөніс ала алады. Картамен берілетін азық-түлік түрлері шектеулі, деп жазады ТАСС агенттігі.

Бағдарлама бойынша, сонымен қатар, тегін тамақ тек отандық өнімдерге ғана қатысты. 

Аталған карта “Мир” банкілік картасының негізінде жұмыс істейді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ай сайын әлгі картаға белгілі бір көлемде қаржы салынып, оны бекітілген тауар сатып алуға жұмсауға болады. Бір айда қаржы жұмсалмаса, күйіп кетеді.

Сонымен қатар, картадағы қаржыны шешіп алуға болмайды, бірақ, толтыруға болады.

Бағдарламаға елдегі кез келген сауда кәсіпорны қатыса алады.

Министрлік мәліметінше, бағдарлама құны 300 млрд рубль (шамамен 1,600 млн теңге).

0 пікір
Мұрағат