|
Католиктер мен иудейлер мұсылмандарға қолдау білдірді
|
Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні белгісіз қаскүнемдер Польшаның Крушиняна елді-мекеніндегі татарлар мешітінің қабырғасына доңыздың басын бейнелеп, мұсылмандар жерленген мазарларды қиратып кеткен болатын. Осы келеңсіздікке байланысты жуырда жергілікті католиктер мен иудейлер және протестант пен православ өкілдері мешітті қоршай қол ұстасып, мұсылмандарға қолдау көрсетті. «Біз Польша тарихын бірге жасап келеміз, алдағы уақытта бірге жасай береміз»,- деді осынау көрініске көңілі толқыған аймақ губернаторы Мация Питания. Татарлар да олардың қолдау білдіргеніне алғыс айтты. Жергілікті экологтар вандалдардың айғыздап кеткен мешіт қабырғасын қалпына келтірді. Полиция қызметкерлері қаскүнемдерді іздестіріп жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды