Католик фотограф қалай мұсылман болды?
|
Фотограф Джей Колина (қазіргі есімі – Әбдірашид) Филиппиндегі шағын аралда дүниеге келген және католик отбасында тәрбиеленген. Есейген соң ол фотограф мамандағын таңдап, Дубай қаласында жұмыс істеді. Бұл жайында IslamNews порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. «Мен Дубайға өмірімен ақша жинау үшін келдім әрі ата-анама қаржылай көмек көрсеткім келді. Ислам жайында әлдебіреудің уағызынан естіп білдім»,- деп еске алар еді ол сол күндерін. «Төрт жыл бұрын Филиппинде болған кезімде мұсылман қызымын танысып едім. Ол мені исламға шақырған жоқ, алайда, біз дінді әңгіме еттік. Ислам мен христиандықтың арасындағы ұқсастықтарды сөз қылдық. Біз таласып-тартысқан жоқпыз, тек талқыладық». Дубайға келген соң ол намаздың, азанның сырына бойлап, мұсылман мәдениетіне ден қойды. Ол ғаламтордан Зимбабаведен шыққан мұсылман ғалымы Исмаил Менканың уағыздарын тыңдайды. Дубайда өткен ағартушылық шарада ол Исмаил Менкенің өзін көреді. Осыдан кейін ол исламды қабылдайды. Тура жолға түскеннен кейін ол әлгі мұсылман қызына үйленеді.