Катардың ОПЕК құрамынан шығуының қандай астары бар
Катардың ОПЕК құрамынан шығуының қандай астары бар
6 жыл бұрын 4166 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Катар 2019 жылдың қаңтар айының 1-і күнінен бастап, ОПЕК құрамынан шығады. Осылайша мұнай нарығы бір ойыншыға кемиді Бұл жайында аталған елдің энергетика министрі Саад әл-Кааби мәлім етті. Министрлің айтуынша, мұндай шешімнің ешқандай саяси астары жоқ. Былайша айтқанда, мұндай қадамға стратегиялық мақсатта барып отыр. Министрдің мәлімдемесін Qatar Petroleum мемлекеттік мұнай компаниясы да растап отыр. Осы орайда мынаны айта кету керек шығар, Катар мұнай өндірушілер құрған ұйымға жарты ғасырдан астам уақыт бойы мүше ел. Яғни, аталмыш ұйым құрылған алғашқы жылдардан бастап, дәлірегі, 1961 жылдан бастап 57 жыл бойы ОПЕК құрамында болды.  Ал Юрий Солозобов есімді ресейлік сарапшы Катардың ОПЕК құрамынан шығу себебін өзінше түсіндірген екен. Оның айтуынша, Катар алдағы уақытта мұнай өндірісіне емес, газ өндірісіне басымдық беруге ден қояды. Яғни, сұйытылған газ өндірісін арттырмақ. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Катар сұйытылған газ өндірісін жылына 77 млн тоннадан 110 млн тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр. Өйткені, мұнайға қарағанда газ нарығының болашағы зор. Алдағы уақытта, дәлірегі, енді бір жиырма жылдан соң бұл салада бәсекелестік артады. Бұдан бөлек, Катардың сұйытылған газды тасымалдайтын өз флоты бар. Оның үстіне, осы уақытқа дейін ОПЕК құрамында болғанымен Катар мұнай нарығындағы аса ірі ойыншы емес еді.  Ықпалы да айтарлықтай болмады. Тәулігіне мұнайдың бар-жоғы 609 мың баррелін ғана өндірген ел. Катар сұйытылған табиғи газ қоры мол ел. Катар аумағында сүйытылған табиғи газ өндіретін 11 зауыт бар. Олардың жылдық қуаты 77 млн тонна газ өндіруге дейін жетеді. 

0 пікір
Мұрағат