Катарда өтетін әлем чемпионатында ЛГБТ-ның туын көтеруге тыйым салынды, жазасы қатаң...
Катарда өтетін әлем чемпионатында ЛГБТ-ның туын көтеруге тыйым салынды, жазасы қатаң...
2 жыл бұрын 3606 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биыл, дәлірегі, қараша айының 21-нен желтоқсанның 18-не дейін аумағында әлем чемпионатын өткізетін Катар билігі осынау дүбірлі додағы алыстан ат терлетіп келетін шетелдік туристер мен жанкүйерлерге тағы бір қатаң ескерту жасады. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Төрткүл дүние түгел көз тігетін чемпионат кезінде ЛГБТ-ның туын көтеруге тыйым салды.

Бұл тыйымға құлақ аспағандарды қатаң жаза күтіп тұр: кем дегенде 7 жылға немесе 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Катар билігі елде қалыптасқан заң талаптарын сақтап, әдет-ғұрыпқа құрметпен қарауға үндеп отыр. Аталған араб елінде бір жыныстылардың қатынасына қатаң тыйым салынған. Бұл елдегі әлем чемпионаты бес қалада орын тепкен сегіз стадионда өтеді.

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған (қараңыз: «Катардың қатаң ескертуі!» - https://islam.kz/kk/news/alem/katardyn-qatan-eskertui-17019/#gsc.tab=0) материалымызда жанкүйерлерге зина жасауға және ішімдік ішуге тыйым салынатынын әрі бұл тыйымдарды елемегендерді 7 жылға дейін бас бостандығынан айыратынын жазғанбыз.

0 пікір
Мұрағат