Катар экономикасының ерекшелігі немесе блокадаға қарсы шарасы
Катар экономикасының ерекшелігі немесе блокадаға қарсы шарасы
6 жыл бұрын 4236 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Катар Таяу Шығыста шетелдік азаматтарға ел аумағында тұрақты тұруға рұқсат берген алғашқы ел атанды. Катарда 100 шетелдік азаматқа тұрақты тұруға пәрмен беретін тиісті құжатқа әмірші Тамим бин Хамад әл-Тани қолын қойып, мөрін басты. Сөз орайы келгенде міндетті түрде мынаны айта кету керек: аталмыш ел аумағында тұруға рұқсат алған шетелдік азамат сол елдің тұрғындары секілді әлеуметтік жеңілдіктерге ие бола алады. Атап айтқанда, әлеуметтік қамсыздандыру мен жәрдемақы алып қоймай, бизнес саласында өз ісін аша алады. Шетелдік азаматтарға ел аумағында тұрақты тұру рұқсатын аталмыш елдің ішкі істер министрлігі береді. Катар билігі мұндай қадамға Саудия бастаған елдердің, соның ішінде, Мысыр, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірлігі байкот жариялағандықтан барып отыр. Экономикасын көтеру үшін. Өйткені, қазіргі уақытта Катар тұрғындарының 90%-ға жуығы шетелдік. 

0 пікір
Мұрағат