Катар билігі әлем чемпионатының жанкүйерлерінен смартфондарына екі «тыңшылық бағдарламаны» орнатуды талап етеді - БАҚ
Катар билігі әлем чемпионатының жанкүйерлерінен смартфондарына екі «тыңшылық бағдарламаны» орнатуды талап етеді - БАҚ
2 жыл бұрын 1389 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз білесіздер, көп ұзамай Катар аумағында күллі әлем көз тігетін дүбірлі дода болады. Алайда, Катар билігі мемлекет және жанкүйерлердің жеке басының қауіпсіздігі үшін әлем чемпионатына келетін жанкүйерлерден «тыңшылық бағдарламаны» смартфондарына орнатуды талап етіп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы nrk.no ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әр елдің өз ережесі бар, алайда, Катар осы жолы асыра сілтеп отыр, дейді NRK компаниясының киберқауіпсіздік сарапшылары. NRK киберқауіпсіздік сарапшылары оларды зерттей келе, олардың әрқайсысын «тыңшылық бағдарлама» деп атауға толық негіз бар, дейді. "Ehteraz" және "Hayya" бағдарламаларын iOS және Android дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады. Олардың біріншісін Катар Денсаулық сақтау министрлігі қадағалайды және ресми нұсқаға сәйкес COVID-19 таралуын болдырмауға арналған. Екіншісі пайдаланушыларға метроға тегін кіруге мүмкіндік береді. Сарапшылар аталған бағдарламалық жасақтама сұрайтын рұқсаттарға алаңдап отыр. Пайдаланушы өзінің нақты орналасқан жері туралы деректерді жинау мүмкіндігімен ғана емес, сонымен қатар қолданба әкімшілеріне құрылғы жадында сақталған ақпаратты оқу және ортақ пайдалану үшін шексіз дерлік құқықтарды беруге келісу керек екен. Бұл бейтаныс адамға өз үйіңнің кілтін бергенмен бірдей, одан ауызша «бұл деректерді пайдаланбаймын» деп уәдесіне сенумен бірдей алаңғасарлыққа ұқсайды. Катар билігі саяхатшылардан гаджетінде осындай бағдарламалар болуын талап етіп, олардың және мемлекет қауіпсіздігі үшін жақсы мақсаттарды көздеп отырған болуы мүмкін. Сарапшылар деректерге шексіз қол жеткізу – ертең оны пайдаланбасына кепілдік болмайтынын алға тартып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Әлем чемпионаты өтетін араб елі шетелдіктер үшін барлық шектеуды алатын болды» (https://islam.kz/kk/news/sport/alem-chempionaty-otetin-arab-eli-sheteldikter-ushin-barlyq-shekteudy-alatyn-boldy-17576/#gsc.tab=0);

«Сауд Арабиясы Катар жанкүйерлерін тегін кіргізетін болды» (https://islam.kz/kk/news/sport/saud-arabiyasy-katar-jankuierlerin-tegin-kirgizetin-boldy-17519/#gsc.tab=0);

«Катарда өтетін әлем чемпионатының қауіптілігі айтылды» (https://islam.kz/kk/news/sport/katarda-otetin-alem-chempionatynyn-qauiptiligi-aityldy-17491/#gsc.tab=0);

«Катардың қатаң ескертуі!» (https://islam.kz/kk/news/alem/katardyn-qatan-eskertui-17019/#gsc.tab=0);

«Катарда өтетін әлем чемпионатында ЛГБТ-ның туын көтеруге тыйым салынды, жазасы қатаң...» (https://islam.kz/kk/news/alem/katarda-otetin-alem-chempionatynda-lgbt-nyn-tuyn-koteruge-tyiym-salyndy-jazasy-qatan-17040/#gsc.tab=0);

«2022 жылы әлем чемпионатын өткізуге арналған ерекше стадион ашылды» (https://islam.kz/kk/news/sport/2022-jyly-alem-chempionatyn-otkizuge-arnalgan-erekshe-stadion-ashyldy-8131/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат