Кәсіпкер туған ауылына тегін қымыз таратып, ішімдік саудасын тоқтатты
Кәсіпкер туған ауылына тегін қымыз таратып, ішімдік саудасын тоқтатты
9 жыл бұрын 4310 muslim.kz

Қазақстандық мультимиллионер Бауыржан Оспанов туған жері – Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылының тұрғындарына қасиетті Ораза айы қарсаңында тегін қымыз таратып, ішімдік саудасын тоқтатты деп хабарлайды Businessnews.kz.

Кәсіпкердің мұндай қайырымдылық іспен айналысуына оның салауатты өмір сүру салтын насихаттауға, жастарды спортқа баулуға деген құлшынысы себеп болған. Сонымен қатар6 ол қазақтың ұлттық сусынын танымал брендке айналдыруға ниетті.

Осы мақсатта Жыланды ауылында күніне 20 құлынды бие сауылып жатқан көрінеді. Сондай-ақ, қымыздан басқа да сүт өнімдері дайындалып, олар да тегін таратылуда. Ол жерде жұмыс істеп жатқан сауыншылар мен жұмысшыларға кәсіпкер өз қаражатынан жалақы да төлеп отыр.

1 пікір
  • Барлық кәсіпкерлер осындай мәрт болса ғой. Алла одан разы болсын. Еліміз одан ары гүлдене беретін еді.
    9 жыл бұрын
Мұрағат