Кәрістер көшеге шығудан қалды...
|
Оңтүстік Корея тұрғындары айдың-күннің аманында көшеге аяқ аттап басып шығудан қалды. Көп уақытын үйде өткізуге мәжбүр. Дүкен аралауға, көше кезуге, т.б. қоғамдық орындарға барудан қалған кәрістер ас-ауқатын тапсырыс беріп алдырады. Қалың ыс пен ластанған ауадан. Бұл жайында Yonhap ақпарат көзі тағам мен азық-түлік жеткізумен айналысатын Baemin қызметі түрі келтірген дерекке сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Дәлірегі, ақпан айының соңы мен наурыздың бас кезінде Оңтүстік Корея шаң-тозаң мен ыс басқан. Биыл қатарынан екі айдан аса уақыт ауа шектен тыс ластанып кеткен. Бұл өз кезегінде кәрістердің көшеде жүріп-тұруына кедергі келтіреді. Үйде отырып тағам мен азық-түлікке беретін кәрістердің қарасы осы уақыт аралығында артады. Ауаның ластануы өз кезегінде тапсырыс алушылардың бизнесін жандандырады. Соған орай табыс мөлшері де артады. Мәселен, наурыз айының 1-3-і күндері аралығында ас-ауқат пен азық-түлікке берілген тапсырыс 3,34 млн-ға жеткен. Әдетте демалыс күндері бұл көрсеткіш 240 мыңға артады.