Карикатура - Бильдерберг клубының арнайы операциясы
Карикатура - Бильдерберг клубының арнайы операциясы
9 жыл бұрын 3647

Пайғамбар падишасы – Мұхаммед Мұстафаға (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) жасалған карикатура Бильдерберг клубының арнайы операциясы. Бұл жайында тарих ғылымдарының кандидаты Ольга Четверякова әлемдік бюрократияны талқылауға арналған «Точка зрения» бағдарламасында мәлімдеді. Жақша ішінде айта кетейік, Бильдерберг клубы – мемлекеттердің үстінен келісу мен басқарудың негізгі әлемдік орталықтарының бірі болып табылады. Жылына бір мәрте жиын өткізіп тұрады. Бірақ, онда қандай мәселелер талқыланғаны айтылмайды. «Бильдерберг клубына елдер емес, аса ірі корпорациялардың өкілдері кіреді. Жиынға олар қандай да бір маңызды операцияны жүзеге асыратын ұсақ қызметшілерді шақырады. Тапсырма береді. Мәселен, мұсылмандарға қарсы карикатура жарияланған дат басылымының редакторы Бильдерберг клубының мәжілісіне қатысты», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, Бильдерберг клубының өз серкелері болады. Олар «рокфеллерлік топтар, аса ірі корпорациялар мен банктер, Ротшильдтердің өкілдері». Дат басылымының редакторлары секілділердің қолымен от көсейді. Сарапшылар Бильдерберг клубының бүгінгі стратегиялық міндеттерінің бірі ретінде жеке тұлғалардың үстінен тоталды-электронды бақылау орнату екенін атады. «Биыл осыдан жарты жыл бұрынғы секілді «Гугл» компаниясының жетекшісі Эрик Шмидт қатысты. Ол негізгі трансгуманист болып табылады. Ол НАСА-ның өкілі әрі трансгумандық жобаларға жауап береді», - деді артынша.

0 пікір
Мұрағат