Кәрі құрлықтағы аса ірі газ кеніші біржола жабылады
Кәрі құрлықтағы аса ірі газ кеніші біржола жабылады
2 жыл бұрын 1260 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Michael Kooren / Reuters

Нидерланды билігі Еуропадағы аса ірі газ кенішінен көгілдір отын өндіруді біржола тоқтатады. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпаарт көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Гронингентегі бұл газ кенішіне қатысты шешімді аталған елдің министрлер кабинеті осы айдың аяғына дейін қабылдайды. Кен орнын қазан айының 1-не дейін, төрт ай бұрын жабуды жоспарлап отыр. Билік тұрғындардың жиі қайталанатын зілзалаға байланысты жаппай шағымдары негізінде кен орнын жабу туралы шешімге келіп отыр. 2012 жылдан бері Гронинген ауданында тұру қауіпті болғандықтан 3300-ден астам ғимарат бұзылған. 2023 жылы Голландия үкіметі аймақ тұрғындарына өтемақы төлеу үшін 30 жыл ішінде 22 миллиард еуро жұмсауға уәде берді. Кен орнының жабылуы туралы жаңалықтан Еуропадағы газ акцияларының бағасы өсіп кетті.  Маусымның 15-де TTF ірі еуропалық хабының индексі бойынша газдың шілдедегі фьючерстерінің құны мың текше метріне 500 доллардан жоғары көтерілді, бұл деңгей ай басындағы ең төменгі көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге жуық жоғары. Сондай-ақ, сарапшылар бағаның шарықтауын сұйытылған табиғи газ (СТГ) зауыттарындағы техникалық қызмет көрсету маусымымен, сондай-ақ, Норвегияның солтүстігіндегі Hammerfest LNG зауытындағы апатпен байланыстырады. Гронинген кен орны Нидерландыға ішкі сұранысты қанағаттандырып қоймай, сонымен қатар, Батыс Еуропаның көп бөлігі үшін негізгі отын көзі болып келген еді. Оның қоры шамамен 450 миллиард текше метр газға бағаланған, бұл көрсеткіш Ресейден еуропалық газ импортының үш жылға жуық мөлшеріне тең. Нидерланды 2022 жылдың қазан айының1-нен бастап кен орнындағы газды өндіруді 1,6 есеге қысқартқан болатын.

0 пікір
Мұрағат