Канадада мұсылман елдерінен бала асырап алу төңірегінде дау-дамай өршіп тұр
Канадада мұсылман елдерінен бала асырап алу төңірегінде дау-дамай өршіп тұр
11 ай бұрын 919 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Канадада мұсылман елдерінен бала асырап алу төңірегінде дау өршіп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде CBC ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пәкістанда қайтыс болған әпкесінің үш баласын Торонтодан келген мұсылман әйелдің асырап алуға ресми рұқсат ала алмағаны осындай талас-тартысқа себеп болып отыр. Дәлірегі, Жәмила Қадір ұзақ жылдар бойы балаларға қарап келген еді, алайда, қолданыстағы ереже оған бала асырап алуды рәсімдеуге мүмкіндік бермеді. Белгілі болғандай, Пәкістаннан бала асырап алуға Канада билігі сонау 2013 жылы тыйым салған болатын - сол кезде аталған елдің соты «шариғат ата-ана мен баланың арасындағы байланысты үзуге жол бермейді», сондықтан пәкістандық балаларды асырап алу Гаага конвенциясына қайшы келеді, деп есептейды. Десе де Америка құрама штаттары, Ұлыбритания және Австралия Канаданың бұл ұстанымен келіспейді. Бұл тараптағы CBS-тің журналистік зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мұндай тыйым тек Пәкістанға ғана емес, сонымен қатар, Иран, Судан, Ирак, Катар, Алжир және Ауғанстан елдеріне де қатысты қолданылатын болып шықты.

 

0 пікір
Мұрағат