Канадада католиктер азайып, мұсылмандар көбейіп келеді
|
Канадада Квебек дейтін қала бар – Канаданың ең католиктер қарасы мол әрі католиктерге тән құндылықтар өркен жайған провинция. Алайда, соңғы деректер аталмыш елді-мекенның конфессиялық құрамы күрт өзгеріп жатқанынан хабар береді. Бұл жайында islam.kz порталы Montreal Gazette мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2021 жылы Квебектегі католиктер саны 4,8 миллион адамды немесе халықтың 54 пайызын құраса, 10 жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,8 миллион немесе халықтың 75 пайыз болатын. Осылайша, айналдырған он жыл ішінде католиктер үлесі 21%-ға азайды. Сонымен бірге, провинциядағы мұсылмандар саны осы 10 жылда 73 пайызға артып, 421 710-ға жеткен. Үнді наным-сеніміндегілер саны да өскенін көрсетті – 41%-ға 47 390 адамға дейін. Сонымен қатар, Квебектегі «сатанистер» саны 423%-ға өсіп, 810 адамға, ал «виккалықтар» 158%-ға өсіп, 1445-ке жеткен.