Канада халал нарығын игеру үшін алғашқы қадам жасауда
Канада халал нарығын игеру үшін алғашқы қадам жасауда
4 ай бұрын 807 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Канададағы асханалар мен мейрамханалардың дені мұсылман меймандары үшін ас мәзірін шариғат талаптарарына сай сойылған мал мен құс етінен әзірленген тағам түрлерімен толтыруға көшкен. Бұл жайында islam.kz порталы  IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл үрдісті сарапшылар тек дінмен немесе мұсылман клиенттерді немесе туристерді тарту үшін қолданылатын маркентингпен ғана емес, сонымен қатар, кейбір дерек көздері бойынша бүгінде айналымы 3,3 трлн долларға жеткен әлемдік халал нарығына шығудың қамымен байланыстырады. 2020 жылғы зерттеу нәтижесіне сәйкес, әлемдік халал нарығы мұсылмандар және мұсылман еместер тарапынан сұранысының артуына байланысты жыл сайын 20%-ға өсіп отырады. Мәселен, Үйеңкілер елінің Калгар елді-мекеніндегі Cluck N Cleaver кафесінің қожайыны Франсин Гомес халал сертификаты өнім шикізатының сапасын қадағалауға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр. Ал таяуда Онтарио мейманханаларын халал стандартына көшірген KFC (Kentucky Fried Chicken) желісі жергілікті ислмофобтар тарапынан сынға ұшыраса да бұл қадамынан бас тартқан жоқ. Popeye желісі де клиенттеріне халал тауық етін ұсына бастағанын растады. Mary Brown's Chicken компаниясының кейбір филиалдары тұтынушыларға халал ет ұсынады. MBI Brands бас компаниясы да халал стандартына көшкен.

0 пікір
Мұрағат