Камикадзе дрон жетілдірілді
|
АҚШ-тың Түркияға ұшқышсыз ұшатын аппаратты сатудан бас тартқанына байланысты түріктер дронды өздері жасауға кірісіп, бұл салада үлкен жетістіктерге жетті. Соның ішінде жасанды интеллекті орнатылған камикадзе дронын атауға болады. Бұл жайында түріктердің Anadolu ақпарат агенттігі хабар таратты. Камикадзе дрон өзге ұшқышсыз ұшатын аппараттардан айырмашылы жаудың нысанын байқаған жағдайда өздігінен оқталады. Егер насанадан көз жазып қалса, аппарат старт алған жерге қайтып оралады. Аталған ақпарат көзі келтірген дерекке қарағанда, түріктердің STM (Savunma Teknolojileri Muhedislik ve Ticaret A.S.) әскери компаниясы өздерінде жасалатын отандық ALPAGU Blok II және KARGU камикадзе дрондарын жетілдірген. "Жоғары тактикалық және техникалық сипатына, дәл соққы беру мүмкіндігіне қарай әрі жасанды интеллектіге байланысты жетілдірілген ALPAGU Blok II және KARGU әскери әрекет барысында айтырлықтай артықшылыққа ие болмақ",- деп сендірді аталған компанияның бас директоры Дәуіт Йылмаз. Бұл әскери мақсатта қолданылатын құрылғы сәуір айының 25-29 күндері аралығында Анталияда тұңғыш рет өтетін Eurasia Airshow халықаралық авиасалонда жұртшылықтың назарына ұсынылмақ. Осы шара барысында аталған түрік компаниясы өзге елдермен келісім-шартқа отыруы мүмкін. Өз дрондарын сату үшін. Сөз орайы келгенде айта кету керек, түріктердің ALPAGU, ALPAGU Blok II, KARGU камикадзе дрондары мен барлаушылық TOGAN автономды басқару жүйесімен жұмыс істейді. Яғни, бір оталғаннан кейін адамның басқаруынсыз өздігінен ұшады әрі түрлі қызметтерді жүзеге асырады.