Камерун билігі барлық мешіт пен медресені жапты
Камерун билігі барлық мешіт пен медресені жапты
10 жыл бұрын 3121

Камерун билігі жанкештілер қолымен жасалатын жарылыстар жиі орын алып кеткен ел солтүстігіндегі барлық мешіттер мен медреселерді, ислам орталықтарын жабуға жарлық берді. Жексенбіде Камерунның солтүстігіндегі барлық мешіттер мен медреселердің есігіне құлып салынды, сондай-ақ, кәмелет жасына толмаған қаңғыбастарды қуды, өйткені, соңғы терактілерді кәмелет жасына толмағандар жасаған болатын. Осы орайда айта кету керек, өткен аптада бұл елде екі теракті орын алған еді. Нәтижесінде 31 ада қаза тапқан болатын. Екі терактіні де кәмелет жасына толмаған жанкешті қыздар жасаған болатын. Оларды осындай қадамға аты-шулы нигериялық «Боко-Харам» лаңкестік ұйымы итермелеген болуы мүмкін. «Олар өз мәселелерін шешудің өзге жолдарын іздестіруі керек. Неліктен губернатор нағыз кінәлілерді емес, өзгелерді қуғындайды?» - деді ашына тіл қатқан 70 жастағы Аляжи Хаман есімді Маруа мешітінің өкілі. Бұл жайында USNews ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат