|
Кәмелет жасына толмағандарға уағыз айтқан имамдар абақтыға жабылады
|
Алдағы уақытта кәмелет жасына толмағандарға уағыз айтқан имам абақтыға жабылатын болады. Қырғыз билігі жат ағымдардан сақтанып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай шешім қабылдады. Осы мәселеге байланысты заң жобасы республика парламентінде мақұлданды. Бұдан былай 18 жасқа толмағандарға уағыз айтқан имам 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бір қызығы, аталмыш заңда тек имамдарға ғана емес, сонымен қатар, үйленіп қойған жасөспірімдерге де, олардың некесін қиғандарға да, сондай-ақ, олардың ата-аналарына да жауапкершілікті күшейткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін