Кәмелет жасына толмаған студенттерге жәрдемақы беріледі
Кәмелет жасына толмаған студенттерге жәрдемақы беріледі
5 жыл бұрын 2391 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Голландияда жасы 18-ге толмаған, алайда, жоғарғы оқу орнында білім алып жүрген студенттерге жәрдемақы беріледі. Бұл жайында аталған елдің Algemeen Dagblad ақпарат көзі хабар таратты. Ел билігінің мұндай шешім қабылдауына үкімет құрамындағы партия коалиция арасындағы келісім түрткі болған. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен 54 млн еуро бөлінеді. Аталмыш әлеуметтік шара 2020 жылы балалар жәрдемақысын тоқтату есебінен қаржыландырылады. Аталған жәрдемақы мөлшері бір тоқсанда 320,41 еуроны құрайды делінгенімен, бұрынғы қалпында қалатын болды - 316,41 еуро. Осы уақытқа дейін кәмелет жасына толмаған студент баласы шәкартақы алса, ата-аналар мұндай жәрдемақы ала алмайтын. Бұл арада баласы кәмелет жасына толмаған 38 мың ата-ана турасында сөз болып отыр.

0 пікір
Мұрағат