Кәмелет жасына толмаған мұсылмандарға некелесуіне рұқсат берілді
Кәмелет жасына толмаған мұсылмандарға некелесуіне рұқсат берілді
8 жыл бұрын 4484 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сингапур парламенті кәмелет жасына толмағандарға нек қидыруына рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады. Алайда, бір шартпен: некеге тұрғысы келетін бозбалалар мен бойжеткендер тұрыс құрудың жауапкершілігін, ерлі-зайыптылық өмірдің өзге де қыр-сырын ұқтыратын арнайы курстен өтуі тиіс. Сондай-ақ, аталған ел парламенті қабылдаған Мұсылмандар құқығын орындау туралы актіге сәйкес кәмелет жасына толмағандардың ата-аналарының рұқсаты, яғни, ақ батасын беруі қажет. Онсыз неке жарамсыз болып есептеледі. Айта кетейік, бұл елде кәмелет жасы - 21. Бұл жайында Straits Times ақпарат көзі хабар таратты. Сингапурдың коммуникация және ақпарат министрі Жақып Ибраһимнің айтуынша, ересек жасында шаңырақ көтергендерге қарағанда жастар арасында ажырасу оқиғасы көптеп тіркеледі. 

0 пікір
Мұрағат