Кәмелет жасы ресми түрде төмендетілді
Кәмелет жасы ресми түрде төмендетілді
3 жыл бұрын 1516 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапонияда кәмелет жасын 140 жылдан аса уақыттан бері алғаш рет ресми түрде төмендетілді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Japan Times дерек көзіне жөн сілтеген Tengrinews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы уақытқа дейін, яғни, 1876 жылдан бері күншығыс елінде кәмелет жасы 20 жастан басталатын. 2022 жылдың сәуір айының 1-нен бастап Азааттық кодекске енгізілген өзгертуге сәйкес кәмелет жасы 18 болып белгіленді. Осы жасқа толған жапондыққа келісім-шартқа өз бетінше отыруына және ата-анасының айтқанымен жүрмеуіне, яғни, маңызды мәселелерде шешім қабылдауына рұқсат етіледі. Осылайша 18 жасқа толған жапондар заңды негізде ата-ана қамқорлығынан шығып, өз бетінше өмір сүре алады. Соның ішінде, несие картасығ қалта телефоны бойынша контрактіге отырып, пәтер жалдай алады. Бұдан бөлек, саяхаттауы үшін он жылға төлқұжат беріледі, дәрігер, сертификатталған бухгалтер, сот қызметкері, т.б. жауапты мамандықтар бойынша жұмысқа қабылдана алады. Бұрын 20 жасқа толғанда ғана ата-анасының ақ батасымен ғана отбасын құрып келген болса, бұдан былай қыздар 16 жасында, ал ерлер 18 жасында үйлене алады. Кәмелет жасы төмендетілгенімен кейбір шектеулер өз күшінде қалады, атап айтқанда, 20 жасқа толғанша шылым мен ішімдікті тұтынуға тыйым салынады. Тарихқа сәл шегініс: 1876 жылы жапон императоры кәмелет жасын 20 жас деп белгілеген болатын. Бұл меже 1896 жылы қабылданған Азаматтық кодекске енгізілді.

0 пікір
Мұрағат