Жылдам қартайып бара жатқан халықтардың бірі жарты ғасырдан кейін қаншаға кемиді?
Жылдам қартайып бара жатқан халықтардың бірі жарты ғасырдан кейін қаншаға кемиді?
8 жыл бұрын 3508 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі ең дамыған, тез қартайып бара жатқан жапондардың демографиясында алдағы уақытта айтарлықтай өзгерістер орын алады. Нақтырақ айтқанда, бүгінгі таңда халқының саны 125 млн адамға жететін жапондардың қарасы 2065 жылы 88 млн-ға дейін кемитін болады. Бұған халықтың жылдам қартайып бара жатқаны себеп болмақ. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі ел тұрғындары және әлеуметтік қауіпсіздік мәселелерін зерттеумен шұғылданатын ұлттық институттың зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталмыш институт мамандары келтірген мәлімет бойынша 2115 жылы күншығыс елінің халық саны 51 млн-ға дейін азайып кетеді. 2065 жылы 65 жастан асқандардың қарасы ел тұрғындарының 38 пайызын құрайтын болады. Десе де өмір сүру ұзақтығы сақталып қалады: әйелдердің өмір сүру ұзақтығы - 87-91 жас аралығында, ал ер-азаматтар арасында бұл көрсеткіш - 80-85. Ел болашағын ойлаған ғалымдар осынау жағымсыз демографиялық тенденцияға байланысты дабыл қағып отыр. Өйткені, қазіргі уақытта жапон жастары отбасын құруға асықпайды немесе отбасын құруға құлықты емес. Бір қызығы, дәстүріне берік, шығыстық салтты ұстанатын күншығыс елінде отбасы институты, отбасы құндылықтары өз мәні мен маңызын жоюда. Бұған ең алдымен батыстың құндылықтары мен рухани экспанциясы өз ықпалын тигізіп отырғаны жасырын емес.

0 пікір
Мұрағат