Жыланмен селфи жасаған жігіт ауруханаға түсті
|
Калифорния штатындағы Лейк-Эльсинор қаласының тұрғыны улы жыланмен селфи жасағысы келген екен. Бірақ жылан «суретке түскенді» ұнатпаса керек, ер адамның қолын шағып алған, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
Lenta.ru таратқан ақпаратқа сәйкес, 36 жастағы Алекс Гомес бір метрлік жыланды өзінің отбасылық ранчосында байқап қалып, онымен селфи жасауға ұйғарады. Жыланды қолына алып, суретке түсейін деп жатқан кезде ол Гоместі шағып алған. Бұдан кейін ер адамның қолы қатты ісіп, бүкіл денесі шаншып ауыра бастайды. Гоместі ауруханаға жеткізгеннен кейін дәрігерлер оған жыланның уын қайтаратын дәрі берген. Дегенмен, ер азаматтың анасының айтуынша, баласы қолынан айырылуы мүмкін, өйткені ол шіри бастаған.
Калифорнияда жыл сайын улы жыландар 800-ге жуық адамды шағады екен. Олардың бір-екеуі көз жұмады. Жыландар, әсіресе, сәуір-қазан айларында ерекше белсенділік танытады.