Жыл сайын жер бетінде 7 млн гектар табиғи орман жойылады - БҰҰ
|
Жыл сайын жер бетінен 7 миллон гектар табиғи орман жойылып кетеді. 50 миллион гектар орман алқабы өрттен зардап шегеді. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Халықаралық орман күні қарсаңында осылай мәлімдеді.
«Тұрмыста, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте пайдаланылатын тұщы судың төрттен үші ормандағы су көздеріне тиесілі», - деді Пан Ги Мун.
БҰҰ жетекшісі Богота, Дурбан, Джакарта, Мадрид, Нью-Йорк, Рио-де-Жанейро және басқа да ірі қалалар ауыз судың басым бөлігін орманды алқаптардан алады.
«Жер бетіндегі адам санының өсуі және суға деген сұраныстың күрт артуы ормандарды су көздері ретінде қорғау қажеттілігі туады. 2025 жылы 1,8 миллиард адам су тапшы аудандарда өмір сүреді. Жалпы алғанда әлемнің үштен екісі су жетіспеушілігінің зардабын шегеді»,- деп атап өтті Пан Ги Мун.
Ормандарды қорғау үшін БҰҰ-ның ФАО ұйымы жаңа бағдарлама жасап шықты. Ол су сапасын және оны жеткізу жолдарын жақсартуға бағытталған.
Осы бағдарламаны Африканың батысындағы сегіз елінде іске асыру қолға алынады. Олар: Гамбия, Гвинея, Гвинея-Бисау, Мали, Мавритания, Нигерия, Сенегал, Сьерра-Леон.