Жыл сайын әлемде 830 мың бала жарақаттан қаза болады
Жыл сайын әлемде 830 мың бала жарақаттан қаза болады
10 жыл бұрын 3207

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Қазақстанда балаларды жарақаттанудан алдын ала сақтандыру бойынша айлық басталды.

Қазақстанда жыл сайын 1 және 30 сәуір аралығында мектеп жасындағы балаларды және жастарды жол-көлік және тұрмыстық жарақаттан алдын ала сақтандыру мақсатында айлық өткізіледі. 2015 жылы бұл шара «Әрдайым мұқият бол!» ұранымен өтеді.

Айлық барысында жол жүру ережелері туралы білім деңгейін көтеруге, дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсету қағидалары туралы, өзін-өзі сақтау мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған барлық мүдделі тараптардың қатысуымен өткізілетін дөңгелек столдар, дебаттар, баспасөз конференциялары, семинар-тренингтер сияқты іс-шаралар жоспарлануда.

Балалардың жарақаттануы тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемнің көптеген елдері үшін кең көлемді әлеуметтік түйінді мәселелердің бірі екенін атап өту керек. Оған әртүрлі жарақаттан болған балалардың өлім-жітімінің жоғары деңгейі дәлел. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Біріккен ұлттар ұйымы балалар қорының (ЮНИСЕФ) балалардың жарақаттануын алдын-алу және бағалау жөніндегі дүниежүзілік баяндамасына сәйкес, алған жарақаттан жыл сайын әлемде 830 мың бала қаза болады, ондаған миллион балалар мүгедек болып қалады.

Жарақаттануды алдың алудың түйінді мәселелерін шешу жолдарының бірі өзінің қауіпсіз тіршілігіне, өз денсаулығын сақтау, басқа адамдардың денсаулығына ұқыпты және жауапты қарауға тәрбиелеу болып табылады.

0 пікір
Мұрағат