|
Жыл басынан бері қанша сириялық отанына оралды?
|
Жыл басынан бері жарты миллионға тарта сириялық босқын соғыстан сау-тамтығы қалмаған отанына оранды. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі басқармасы мәлім етті. Соғыстың лаңынан жат жұртқа бас сауғалаған сириялық босқындардың дені Алеппо, Хама және Дамаск провинцияларына оралған. Бір таңданарлығы, көрші елдерге ағылғандардан бар-жоғы 31 мың босқын ғана қайтып оралған. Көршілес мемлекеттерде қазіргі уақытта 5 млн-ға жуық сириялық босқын өмір сүріп жатыр. БҰҰ-ның арнайы елшісі Стефан Де Мистура мәлімдегендей, қазіргі уақытта қаңырап қалған қалалардың көбісінде тіршілік белгісі байқалуда. Естеріңізге сала кетсек, Сириядағы соғыстан 320 мыңнан аса адам қаза тапқан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу шығыстағы шиеленістен көл-көсір пайда көрген ел аталды
■
Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
■
Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
■
Үндістанда мемлекеттік шекараны қолтырауындармен және жыландармен қорғау туралы бастама көтерілді
■
Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді