Жүріп бара жатқан адамға шылым шегуге тыйым салу ұсынылды
Жүріп бара жатқан адамға шылым шегуге тыйым салу ұсынылды
Кеше 317 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының депутаты әрі мемдумадағы спорт комитеті жетекшісінің орынбасары Әмір Хамитов РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашкоға шылымқорларға жүріп бара жатып темекі тартуға тыйым салу туралы ұсыныс білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Депуттаттың пікірінше, жүріп бара жатып шылым шегу темекі түтінінің зиянын күшейтеді. Жүріп бара жатқан адамның тыныс алуы жиілейді. Осыған байланысты шылымның зияны көбірек тиеді. Екіншіден, жүріп бара жатып шылым шеккен адамның темекі түтінін жанындағы жүргіншілер де жұтады. Үшіншіден, бұл тыйым қабылданса, қала көшелерінің темекі тұқылының қоқысынан таза болуға ықпал етеді. Денсаулық сақтау министрлігі аталмыш ұссынысты қарастыратын болады әрі тиісті шаралар қабылдайды, дәлірегі, «Азаматтардың денсаулығын темекі түтінінің әсерінен қорғау туралы» заңнамаға тиісті толықтырулар енгізілуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат