Жұқпалы індет кезінде өмір сүруге қолайлы қала салынып жатыр
Жұқпалы індет кезінде өмір сүруге қолайлы қала салынып жатыр
4 жыл бұрын 5017 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пандемия оқшаулануға қолайлы қала құрылысы мен инфрақұрылымын жобалауға итермелеп отыр. Болашақта жұқпалы індеттің кеңінен тарауының алдын алу үшін. Мұндай жоба соңғы ширек ғасырда түрлі індет ошағына айналып отырған Қытайда қолға алынып жатыр. Аталмыш жобаны Guallart Architects сәулет бюросы сызатын болды. Бұл жайында ArchDaily ақпарат көзі мәлім етті. Бейжіңнен 100 шақырым қашық жатқан Сюнан қаласы осы заманғы еуропалық, қытайлық жобалар негізінде тұрғызылады. Қандай да бір індет кезінде оқшауланған қала халқының өз-өзін азық-түлікпен қамтамасыз етуі үшін ауыл шаруашылығын жүргізуге қолайлы инфрақұрылым қамтылады. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, тұрғын үйлердің шатырында жаңғыртпалы, дәлірегі, күн энергиясын пайдаланатын жылыжайларда өсімдіктер мен жеміс-жидек өсіріледі. Ал төменгі қабатында тұрмыстық, т.б. қалдықтар мен қоқысты өңдейтін цехтар болады. Әр ғимаратта жауын суын жинайтын әрі ауыз суға айналдыратын құрылғы орнатылады. Әлбетте, эпидемиялық ахуалға қолайлы қаланың өз кеңселері, өрт сөндіретін қызметі, балалар бақшасы, азық-түлік базары, медициналық және білім беру мекемелері, т.б. болады.

0 пікір
Мұрағат