Жұмыстан тыс қызметкерлерінің мазасын алған бастықтар жауапқа тартылады
Жұмыстан тыс қызметкерлерінің мазасын алған бастықтар жауапқа тартылады
3 ай бұрын 658 inbusiness.kz Гүлайым Аманқос

Заңға бағынбаған басшылар 63 мың АҚШ доллардан астам айыппұл арқалауы мүмкін.

Австралия билігі азаматтардың жеке құқықтарын қорғау мақсатында жаңа заң қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Информбюро-ға сілтеме жасап.

Енді қызметкерлер келісімшартта көрсетілген уақыттан кейін жұмыс барысымен шалынған телефон қоңырауы мен электронды құжаттарға жауап бермеуге құқылы. 

Мұндай бастаманы көтерген елдегі лейбористік партия мамандары көтерді. Айтуларынша, қызметкерлердің басым бөлігі аптасына 4-5 сағат еңбек ақысыз жұмыс істеуге мәжбүр. Сондай-ақ 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтардың аптасына 4-7 сағат тегін жұмыс істейтініні белгілі болды. Енді заңға бағынбаған басшылар 63 мың АҚШ доллардан астам айыппұл арқалауы мүмкін.

Австралия мұндай заңды қабылдап жатқан алғашқы мемлекет емес. Бұған дейін Германия, Италия, Канада және Франция елдері де азаматтардың құқығын қорғау үшін дәл осындай заң қабылдаған еді.

0 пікір
Мұрағат